Жалғас Жұмағұлов Чехияда чемпиондық атаққа таласады

Жалғас Жұмағұлов Чехияда чемпиондық атаққа таласады

28 желтоқсанда қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (18-9) Oktagon лигасында титулды айқастарының бірін өткізеді. Оны «еуропалық UFC» деп те атайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Прага қаласында өтетін Oktagon 81 турнирінде отандасымыз чехиялық файтер Давид Дворжакпен шеберлік байқасады. Бұл жекпе-жекте спортшылар жеңіл салмақтағы лига чемпионы атағын сарапқа салады.

Жекпе-жектің тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен сағат 02:00–де басталады және оны промоушнның ресми сайтынан көруге болады.

Еске салсақ, Жалғас Жұмағұлов маусым айында Oktagon лигасының чемпионы болды. Отандасымыз төрешілердің шешімімен грузиялық Бено Адамианы (12-9-2) тізе бүктірді.

Қазіргі кезде Жалғас Жұмағұлов төрт сериялы жеңісімен үздіктердің қатарына енген. Алдағы қарсыласына келетін болсақ, Дэвид Дворжак қыркүйектегі жекпе-жегінде Ирактан келген спортшы Мохаммед Валидті (8-5) бірінші раундта нокаутқа түсірді. 


Танымал қазақ файтер-актер өзбек спортшысымен төбелеседі

Шавкат Рахмоновтың бапкері UFC шешіміне қатысты пікірін айтты

Көшен Ақанов Бұхарада өткен турнирде 52 секундта нокаут жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или