Жеңіс те болды, көңіл қалдырған сәттер де: Рыбакина маусымына шолу

Жеңіс те болды, көңіл қалдырған сәттер де: Рыбакина маусымына шолу


Америкалық Lastwordonsports.com порталы Елена Рыбакинаның маусымын қорытындылап, қазақстандық теннисшінің ілгерілеуін де, «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі сәтсіздіктерін де атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

2025 жылы Рыбакина Страсбург пен Нинбода өткен турнирлерде, сондай-ақ WTA Итогтық турнирінде топ жарып, барлығы үш титул жеңіп алды. Өткен маусыммен салыстырғанда ол 18 матчқа артық жеңіске жетіп, жүлде қорын да анағұрлым салмақты трофейлермен толықтырды.

Соған қарамастан, портал авторы оның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі өнерін әлсіз тұс ретінде бағалаған. 2023 жылдан бері Рыбакина бұл деңгейдегі жарыстардың бірде-бір финалына шыға алмады, ал 2025 жылғы ерте жеңілістер маусымдағы басты көңіл қалдырған сәттердің бірі деп аталды.

Басылымның пікірінше, алдағы маусымда Australian Open немесе «Ролан Гаррос» турнирлерінің кем дегенде ширек финалына шығу — Рыбакинаның мейджорларда қайтадан нақты үміткерлер қатарына қосылуы жолындағы маңызды қадам болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или