The Ring жаңартқан тізімде Усик бірінші орынға шықты

The Ring жаңартқан тізімде Усик бірінші орынға шықты


Украиналық боксшы Александр Усик салмақ дәрежесіне қарамай жасалатын әлемнің үздік боксшылары рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін бұл тізімнің бірінші орнында америкалық Теренс Кроуфорд тұрған еді. Алайда ол кәсіпқой мансабын аяқтағаннан кейін көшбасшылық қазіргі ауыр салмақ чемпионы Усикке өтті.

Жаңартылған рейтингтің үздік бестігіне Ресейдің екі өкілі де енді. Дмитрий Бивол төртінші орынға жайғасса, Артур Бетербиев бесінші сатыдан көрінді.

The Ring нұсқасы бойынша әлемнің үздік 10 боксшысы:

  1. Александр Усик (Украина)

  2. Наоя Иноуэ (Жапония)

  3. Джесси Родригес (АҚШ)

  4. Дмитрий Бивол (Ресей)

  5. Артур Бетербиев (Ресей)

  6. Хунто Накатани (Жапония)

  7. Шакур Стивенсон (АҚШ)

  8. Дэвид Бенавидес (АҚШ)

  9. Девин Хейни (АҚШ)

  10. Оскар Коллазо (АҚШ)

Әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы ендігі жоспарын айтты

Әли Ахмедов қатысатын бокс кешінің толық карды жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или