Жартылай ауыр салмақта алып айқас болуы мүмкін
Бұрынғы абсолют чемпион Артур Бетербиев пен жартылай ауыр салмақтағы WBC белбеуінің қазіргі иегері Дэвид Бенавидес өзара жекпе-жек өткізуге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бастама Артур Бетербиев тарапынан шықты. Ол америкалық боксшымен кездескісі келетінін мәлімдеді. Бұған Дэвид Бенавидес тез жауап беріп, қарсыласының әлеуметтік желідегі жазбасының астына пікір қалдырып, бұл жекпе-жекке қызығушылығы бар екенін растады.
Артур Бетербиев қазір 40 жаста. Ол кәсіпқой боксты 2013 жылы бастап, 2017 жылы жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы атанды. 2019 жылы бірнеше чемпиондық белбеуді біріктірсе, 2024 жылы дивизионның абсолют чемпионы мәртебесіне жетті. Биыл ақпанда ол мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеп, Дмитрий Биволға төрешілердің басым дауысымен жол берді.
Дэвид Бенавидес 29 жаста. Ол да кәсіпқой рингке 2013 жылы шыққан. Бұған дейін екінші орта салмақта екі мәрте әлем чемпионы атанып, 2024 жылдан бері жартылай ауыр салмақта өнер көрсетіп жүр. Қазіргі таңда ол осы дивизионда WBC титулына ие.
Әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы ендігі жоспарын айтты