Шара Буллет неге Царукянмен тәуекелге барды?

Шара Буллет неге Царукянмен тәуекелге барды?


Ресейлік UFC файтері Шарабутдин Магомедов, яғни Шара Буллет, жеңіл салмақтағы UFC рейтингінің бірінші нөмірі Арман Царукянмен грэпплинг жекпе-жегіне не себепті келіскенін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олардың кездесуі 30 желтоқсанда Ереванда HYPE FC лигасының турнирі аясында өтеді. Магомедовтың айтуынша, ол бұл шешімге әдейі барып отыр және жеңілістен қорықпайды.

«Көп адам бұл үлкен тәуекел дейді, ұтылып қалуың мүмкін деп жатыр. Бірақ жанкүйерлердің мені не үшін жақсы көретінін түсінбейді. Олар мені тәуекелге барғаным, эмоция сыйлағаным үшін жақсы көреді. Көрермен экран алдында жалығып отырмауы керек. Мен оларды дүр сілкіндіруім керек», — деді Шарабутдин Магомедов лига жариялаған видеода.

Шавкат Рахмоновтың бапкері UFC шешіміне қатысты пікірін айтты

Көшен Ақанов Бұхарада өткен турнирде 52 секундта нокаут жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или