Аскрен: Усман титулдық жекпе-жекке лайық емес

Аскрен: Усман титулдық жекпе-жекке лайық емес


Америкалық ММА ардагері Бен Аскрен UFC-дің жартылай орта салмағындағы жағдайға қатысты қатқыл пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Оның айтуынша, бұрынғы чемпион Камару Усман қазір титулдық жекпе-жекке үміткер болуға лайық емес.

Аскреннің пікірінше, Усман бір кездері дивизионда үстемдік еткенімен, ол кезең артта қалған. Соңғы уақытта нигериялық файтер жеңіске қарағанда жиі жеңіліп жүр, сондықтан басты үміткер мәртебесіне сай келмейді.

«Арамызда бұрын келіспеушіліктер болғанын білемін, біржақты көрінгім келмейді. Бірақ шын айтамын, Усман қазір титулдық жекпе-жекке лайық емес. Ол белбеуді ұзақ уақыт ұстады, бірақ ол баяғыда еді. Қазір нәтижелері көңіл көншітпейді», — деді Аскрен.

Сондай-ақ ол жартылай орта салмақта жаңа буынның өсіп шыққанын атап өтті. Аскреннің айтуынша, бұл жігіттер титулға таласуға әбден лайық.

«Маған Иан Гэрри ұнамайтыны рас, бірақ мойындау керек — ол келесі титулдық мүмкіндікке лайық», — деп түйіндеді америкалық файтер.

Шавкат Рахмоновтың бапкері UFC шешіміне қатысты пікірін айтты

Көшен Ақанов Бұхарада өткен турнирде 52 секундта нокаут жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или