Қазақстандық теннисші жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды
14 жастағы қазақстандық Ахмади Маханов Еуропалық теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) нұсқасы бойынша «Жылдың шетелдік ойыншы» (Еуропа елдерінен тыс) марапатына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
2025 жылы қазақстандық теннисші жоғары нәтижелер көрсетіп, маусым қорытындысы бойынша 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Еуропалық теннис қауымдастығы рейтингінде 24-орынға тұрақтады.
Осы маусымда Ахмади жекелей сында Стокгольмде өткен беделді Король кубогының «Супер» санатындағы турнирінде бір титул жеңіп алды. Сонымен қатар жұптық сайыста «Авеню кубогы», «Тим Эссон» және «Брселав Оупен» турнирлерінде үш рет топ жарды. Бұдан бөлек, ол Tennis Europe сериясындағы бір турнирде жекелей сында финалға дейін жетті.
Ахмади Маханов - Ақтөбе теннис мектебінің түлегі.
US Open чемпионы Елена Рыбакинаның ойынын жоғары бағалады
Қазақстандық теннисші әлемдегі ең табысты теннисшілердің тізіміне кірді
Қазақстандық теннисшілер Түркияда өткен турнирде жеңіске жетті