Шавкат Рахмоновтың бапкері UFC шешіміне қатысты пікірін айтты
DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров ресейлік жартылай орта салмақтағы Ринат Фахретдиновтың UFC тізімінен күтпеген жерден шығарылуына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Betonmobile-ге сілтеме жасап.
«Ринат Фахриддиновтың UFC тізімінен алынып тасталғаны туралы жаңалықты оқыдым. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды, өйткені ол кейінгі жекпе-жегін нокаутпен жеңді. Неліктен бұлай болғанын білмеймін; мүмкін, кейбір жасырын жоспарлар бар шығар.
Бір нұсқа бойынша, ол лигада сирек жекпе-жек өткізді. Мүмкін, мұнда қандай да бір саяси элемент бар шығар. Бірақ Ринат жақсы файтер және өзін дәлелдеді», - деді Базров.
Айта кетейік, Ринат Фахретдинов әлемнің ең үздік лигасында жеті жекпе-жек өткізіп, алтауында жеңіске жетіп, біреуінде тең түсті. UFC оның келісімшартын ұзартпау туралы шешім қабылдады.
UFC 324 турнирінің ресми постері жарияланды
Жас қазақстандық файтер сенсация жасап, Одилхон Камоловты жеңді