Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы өтіп жатыр
Щучье қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Турнир аясында скиатлон бойынша жеңімпаздар анықталды. Қатысушылар 10 шақырымды классикалық стильде және 10 шақырымды еркін стильде жүріп өтуі керек еді.
Ерлер арасындағы жарыста Әмірғали Мұратбеков жеңіске жетті. Наиль Башмаков екінші орынға табан тіреді. Владислав Ковалев үшінші орынға ие болды.
Әйелдер жарысында Надежда Степашкина жеңіске жетті. Ксения Шалыгина күміс медальға ие болды. Ангелина Шурыга үшінші орынға көтерілді.
Садақ атудан Қазақстан құрамасының спортшысы маусымды қорытындылады
Қазақстандық жас спортшы әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или