Теннисші Ахмади Маханов Еуропада үздік ойыншы атағын алды

Теннисші Ахмади Маханов Еуропада үздік ойыншы атағын алды

14 жастағы Ахмади Маханов 2025 жылдың қорытындысымен Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) «Үздік шетелдік ойыншы» атағына ие болды. Ахмади Еуропа одағына кірмейтін мемлекеттер арасынан үздік шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық жас теннисші 2025 жылы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Соның нәтижесінде 16 жасқа дейінгілер арасында Еуропа теннис қауымдастығы рейтингісінде жылды 24-орынмен түйіндеді.

Биылғы маусымда Ахмади Стокгольмде 14 жасқа дейінгілер арасында дәстүрлі түрде Tennis Europe супер санаты бойынша бойынша өтетін Король кубогында жекелей сында алдына жан салмады. Жұптық сында Авеню кубогы, Тим Эссон және Брселав Оупен жарыстарында чемпиондық атақты жеңіп алды. Сондай-ақ жекелей сында Tennis Europe додасында финалға дейін жетті.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Ахмади Маханов Team Kazakhstan академиясында тіркелген. Жеке бапкері — Павел Цой.

Аталған аталымды 2021 жылы қазақстандықтардан Зара Дәркен еншіледі. Бір жылдан кейін Заңғар Нұрланұлы дараланды. 2023 жылы Ева Корышева мен Даниэль Тазабековтің мерейі үстем болды. Ал өткен жыл соңында Аңсар Ниетқалиев марапатталды.

WTA мен ATP бірігу мәселесін кейінге қалдырды

US Open чемпионы Елена Рыбакинаның ойынын жоғары бағалады

Қазақстандық теннисші әлемдегі ең табысты теннисшілердің тізіміне кірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или