Андрей Демченкомен «Араз-Нахчыван» бас бапкері атанады
Әзербайжанның «Араз-Нахчыван» клубы жақында астаналық «Жеңіс» командасынан кеткен Андрей Демченкомен жаңа бас бапкер ретінде келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Azerisport.com сайтына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, украиналық маман жаңа командасына қаңтардың алғашқы күндерінде қосылады. 49 жастағы бапкермен жасалатын келісімшарт 2026/27 маусымының соңына дейін есептелген.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы маусым барысында Демченко елордалық «Жеңісті» жаттықтырған. Оның жетекшілігімен команда 17 матч өткізіп, сегіз рет жеңіске жетті, алты ойында тең түсті және үш рет жеңілді. Нәтижесінде чемпионатты турнир кестесінде алтыншы орында аяқтады.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Андрей Демченконың «Ақтөбе» клубына тағайындалуы мүмкін екені туралы хабарлаған еді.
Ислам Чесноков «Хартсқа» қашан қосылады?