Марко Вукчевичпен «Тобыл» сапында қалады

Марко Вукчевичпен «Тобыл» сапында қалады

«Тобыл» черногориялық қорғаушы Марко Вукчевичпен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі қостанайлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Тобыл» футбол клубы мен черногориялық легионер еңбек келісімшартын ұзартты. Өткен маусымда Вукчевич 24 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Қорғаныста Марко сенімді ойын көрсетті - оның еншісінде 93 допты қағып алу және 81 ұтқан жекпе-жек бар», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымында «Тобыл» қола жүлдегер атанған болатын. Келесі маусымда қостанайлықтар Конференция лигасында бақ сынайды. 

Ислам Чесноков «Хартсқа» қашан қосылады?

Қазақстандық қақпашы Қырғызстан клубына ауысты

«Қайсар» чилилік вингерге екі жылдық келісімшарт ұсынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или