Латвия әлем кубогының кезеңі алдында ресейлік спортшыларды өз еліне кіргізуден бас тартты

Латвия әлем кубогының кезеңі алдында ресейлік спортшыларды өз еліне кіргізуден бас тартты

Латвия елге кіруге рұқсат берілмейтін тұлғалар тізіміне 14 ресейлік спортшыны енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Delfi мәліметінше, мұндай шешім 3–4 қаңтар күндері Сигулдада өтетін шана спортынан Әлем кубогы кезеңіне байланысты қабылданған.

«Мен Ресей Федерациясының 14 азаматын Латвия Республикасына кіруге қалаусыз тұлғалар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдадым. Елге кіруге тыйым мерзімсіз белгіленді», - деп Латвияның сыртқы істер министрі Байба Браже X әлеуметтік желісінде жазды.

Қараша айында Шана спорты халықаралық федерациясы (FIL) алты ресейлік спортшыны 2026 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуге қатысуға рұқсат берген болатын. Алайда желтоқсан айының ортасында Александр Горбацевич, София Мазур және Ксения Шамованың жарыстарға қатысу құқығы кері қайтарылды.

Норвегиялық биатлоншы Сиверт Баккен қонақүйде көз жұмды

Конькимен жүгіруден қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан спортшылары белгілі болды

Биатлоннан әлем кубогы: Қазақстан құрамасының нәтижесі қандай?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или