Қақпашы Марк-Андре Флери мансабын қайта жалғастыруы мүмкін

Қақпашы Марк-Андре Флери мансабын қайта жалғастыруы мүмкін

«Питтсбургтің» бұрынғы қақпашысы Марк-Андре Флери мансабын қайта жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

41 жастағы Флери өткен маусымның қорытындысы бойынша хоккейден кететінін мәлімдеген еді. Ол маусымды «Миннесота» сапында өткізді.

ESPN мәліметінше, Флери ҰХЛ командаларынан ұсыныстар алып жатыр. Қазіргі таңда Флеридің қызметіне негізгі үміткер ретінде «Эдмонтон» аталады, бұл клуб бұған дейін Тристан Джерриді жарақат алған ойыншылар резервіне ауыстырған.

Инсайдерлердің айтуынша, Флери жақсы ұсыныс түскен жағдайда ҰХЛ-ға оралуға қарсы емес.

Өткен маусымда Флери 26 матч өткізіп, бір ойында орташа есеппен 2,94 шайба жіберіп алды және соққылардың 89,9 пайызын қайтарды.

Қазақстан чемпионатындағы матчта 0:8 есебі тіркелді

Қазақстандық хоккейшінің голы польшалық клубты жеңілістен құтқара алмады

ҚХЛ: «Барыс» басты бәсекелесінің біріне есе жіберді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или