Қазақ файтері Өзбекстанда айқын жеңіске жетті

Қазақ файтері Өзбекстанда айқын жеңіске жетті


Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Көшен Ақанов Өзбекстанның Бұхара қаласында өткен Brave 103 пен ATF 27 бірлескен турнирінде әсерлі жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жекпе-жек кештің ко-мейн ивенті ретінде жоспарланған. Ақанов жергілікті спортшы Сардор Худойбердиевке қарсы үш раундтық айқасқа шығуы керек еді, алайда көрермендер толыққанды жекпе-жекті көріп үлгермеді.

Жекпе-жек небәрі 52-секундта аяқталды. Кошен қарсы шабуылда дәл соққы жасап, қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.

28 жастағы қазақстандық үшін бұл кәсіпқой мансабындағы жетінші жеңіс болды, ал бір ғана жеңілісі бар. Ал Худойбердиев ММА-дегі төртінші рет жеңіліп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ақанов мамыр айында ONE Championship турнирінде ресейлік Валерий Гусаровқа мерзімінен бұрын есе жіберіп, мансабындағы алғашқы жеңілісін алған еді. Бухарадағы бұл нокаут сол сәтсіздікке лайықты жауап болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или