Криштиану Роналду Нуджума аралынан үй алды

Криштиану Роналду Нуджума аралынан үй алды


Саудиялық «Аль-Наср» клубының капитаны әрі аты аңызға айналған шабуылшы Криштиану Роналду Қызыл теңіздегі Нуджума курортынан екі бірдей сәнді вилла сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, португалиялық футболшы бұл жылжымайтын мүлікке шамамен 8 миллион доллар төлеген. Виллалар Сауд Арабиясының материктік бөлігінен 20 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан аралда тұр. Ол жерге тек су арқылы ғана жетуге болады, бұл толық тыныштық пен оңашалықты қамтамасыз етеді.

Роналдудың айтуынша, бұл сатып алу мәртебе үшін емес, ішкі сезімге байланысты жасалған шешім. «Бұл жер сөздің барлық мағынасында ерекше. Алғаш келген сәттен бастап Джорджина екеуміз бұл аралмен және оның керемет табиғатымен ерекше байланыс сезіндік. Бұл — жан тыныштығын табатын мекен», — деген ойын келтіреді дереккөз.

Айта кетейік, 40 жастағы шабуылшы қазір де Аль-Наср сапында өнер көрсетіп жүр және алаңда да, алаң сыртында да команда үшін маңызды тұлға болып қала беруде.

«Ливерпуль» ойыншысы рекорд орнатты

«Наполи» Италия Суперкубогын жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или