Мадрид капитанының болашағы бұлыңғыр

Мадрид капитанының болашағы бұлыңғыр


Мадридтің «Реал» клубының 33 жастағы қорғаушысы әрі капитаны Даниэль Карвахаль осы маусым аяқталған соң командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белгілі болғандай, испаниялық футболшы өз болашағына қатысты нақты шешімді шілде айында қабылдайды. Сол кезде оның «сливочныйлармен» келісімшартының мерзімі аяқталады. Қазіргі жағдайға қарағанда, Карвахальдың клубтан кету ықтималдығы қалуынан жоғары болып тұр.

Дереккөз мәліметінше, Реал Мадрид басшылығы Карвахальдың команда үшін маңызын жақсы түсінеді және оның кез келген шешімін құрметтейді. Егер ол кетуді таңдаса, мансабын Катар чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

Даниэль Карвахаль «Реал» сапында барлық турнирде 436 матч өткізіп, 14 гол соғып, 65 нәтижелі пас берген.

«Ливерпуль» ойыншысы рекорд орнатты

«Наполи» Италия Суперкубогын жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или