Чесноковтың Шотландияға жолы визалық мәселеге тірелді

Чесноковтың Шотландияға жолы визалық мәселеге тірелді


Қазақстан құрамасының 26 жастағы вингері Ислам Чесноков жақын күндері шотландиялық «Хартс» клубының қатарына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ASnews.kz басылымына белгілі болғандай, бұрынғы «Тобол» ойыншысының Шотландияға ұшуы визалық рәсімдерге байланысты сәл кейінге қалдырылған. Құжат мәселесі толық шешілген соң, футболист жаңа командасының орналасқан жеріне аттанады.

«Ислам тек визаны күтіп отыр. Ешқандай мәселе жоқ. Барлығы жоспар бойынша, оны Рождестводан кейін көреміз», — деді шотландиялық клубқа жақын дереккөз.

Күтілгендей, Чесноков 25 желтоқсаннан кейін Эдинбургке барып, 3 қаңтар күні «Ливингстонға» қарсы матчта «Хартс» сапында алғашқы ойынын өткізуі мүмкін. Қазір футболист демалысын Қазақстаннан тыс жерде өткізіп жүр.

18 турдан кейін Дерек Макиннестің командасы Шотландия чемпионатында 41 ұпаймен көш бастап тұр. Соңғы ойындарда «Хартс» «Селтик» пен «Рейнджерсті» 2:1 есебімен жеңген. Өткен маусымда Ислам Чесноков 29 матч өткізіп, 15 нәтижелі әрекетпен көзге түскен.

Қазақстандық қақпашы Қырғызстан клубына ауысты

«Қайсар» чилилік вингерге екі жылдық келісімшарт ұсынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или