Сапар Ерасыл OCTAGON турнирінде сенімді жеңіске жетті
Аралас жекпе-жектен OCTAGON 1XBET SELECTION 56 іріктеу турнирінде қазақстандық және өзбекстандық файтерлердің кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақта октагонға 20 жастағы өзбекстандық Азизбек Бахромов пен оның жастасы, қазақстандық Сапар Ерасыл шықты. Жекпе-жектің алғашқы раунды екі спортшы үшін де өте тартысты әрі қатты өтті.
Екінші бес минутта бастама Сапар Ерасылдың қолына өтті. Ол бірнеше ауыр соққысын дәл тигізіп, қарсыласын қысымда ұстады. Соңғы раундтың аяқталар тұсында өзбек файтері қиын жағдайға тап болғанымен, жекпе-жекті соңына дейін жалғастырды.
Дегенмен төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Сапар Ерасылға берілді. Жекпе-жектің толық нұсқасын төмендегі видеодан 58:55 минуттан бастап көруге болады.
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 83 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Қазақ қызы АҚШ ММА лигасында чемпиондық белбеу үшін айқасады
NAIZA 79: Төрешілер шешімі дауға қалды - халық шешімді қайта қарауды сұрап отыр
Даниэль Кормье Кейин Веласкестің ақпан айында бостандыққа шығуы мүмкін екенін айтты