ҚХЛ: «Барыс» басты бәсекелесінің біріне есе жіберді
Астананың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының өз алаңындағы матчында Челябинскінің «Трактор» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчқа дейін қазақстандық клуб Шығыс конференциясында сегізінші орында, ал ресейлік ұжым алтыншы орында болды.
Қонақтар бірінші кезеңде басымдық танытып, Андрей Шутов қақпасына екі жауапсыз гол соқты. Екінші және үшінші кезеңдерде шайбы соғылмады. Қорытынды есеп - 0:2.
Өткен турда елордалықтар турнир аутсайдері «Сочиден» 1:5 есебімен жеңіліс құшқан еді.
25 желтоқсанда «Барыс» Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын қабылдайды.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Трактор» (Челябинск, Ресей) 0:2 (0:2, 0:0, 0:0)
Шайбы соққандар:
0:1 — 07:46 Горюнов-Рольгизер (Жарков)
0:2 — 19:05 Дэй (Светлаков, Джиошвили)
Қақпашылар: Шутов — Мыльников
Қазақстан чемпионатындағы матчта 0:8 есебі тіркелді