Елдос Сайдалин: 2026 жыл бойы қатысатын турнирлер мен жаттығу жиындары Азия ойындарына дайындық есебінде болмақ

Елдос Сайдалин: 2026 жыл бойы қатысатын турнирлер мен жаттығу жиындары Азия ойындарына дайындық есебінде болмақ

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 2026 жылға қойылған басты мақсаттары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Желтоқсан айында Түркістан облысында 21-күндік оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Негізгі жұмыс жалпы дене дайындығына және спортшылардың күшін арттыруға бағытталған.

Келер жылы қыркүйек айындағы Азия ойындары - алдағы ең маңызды біріншілік.

2026 жыл бойы қатысатын турнирлер мен жаттығу жиындары осы кешенді жарысқа дайындық есебінде болмақ. 

Қаңтарда Алматы облысында жаттығу жиынын өткізу жоспарланып отыр. Әрі қарай Еуропада өтетін бірнеше турнирге қатысамыз", - деді бас бапкер федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында.


Әли Ахмедов қатысатын бокс кешінің толық карды жарияланды

Қазақ боксшысын жеңген өзбек жеңіліске ұшырады

World Boxing: Қазақстандық боксшылар «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткер атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или