Чесноков Шотландияға қашан баратыны белгілі болды
26 жастағы қазақстандық шабуылшы Ислам Чесноков бірнеше күн ішінде Шотландияның «Хартс» командасына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Тобол» шабуылшысының жаңа командаға қосылу уақыты бюрократиялық кедергілерге байланысты кешеуілдеп жатыр екен:
«Ислам жай ғана виза күтіп отырды – басқа ешқандай мәселе жоқ. Оны Рождестводан кейін көретін сияқтымыз», – деп хабарлады шотландиялық клубтағы дереккөз.
Осылайша, Қазақстан құрамасының ойыншысы 25 желтоқсаннан кейін «Хартс» командасына қосылады. Ол 3 қаңтарда «Ливингстонға» қарсы ойында дебют жасай алады. Ал қазір ол шетелде демалып жүр екен.
18 ойыннан кейін Дерек Макиннестің командасы турнир кестесінде 41 ұпаймен көш бастап тұр. Олар соңғы матчтарында «Селтик» пен «Рейнджерсті» жеңді (екеуін де 2:1 есебімен). Өткен маусымда Чесноков 29 рет алаңға шығып, 15 гол соқты.
ҚПЛ клубы қазақстандық футболшымен келісімшарт мерзімін ұзартты