Шымкент халқы Сәкен Бибосыновқа құрмет көрсетті
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Шымкент қаласында сый-құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іс-шара боксшының өзі түлеп ұшқан Орталық Азия инновациялық университетінде ұйымдастырылды.
Салтанатты жиында Сәкен Бибосыновқа ақ боз ат мінгізіліп, шапан жабылды. Сондай-ақ 2 миллион теңге көлемінде сертификат табысталды.
Естеріңізге сала кетейік, Сәкен Дубайда Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатында 54 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте ресейлік Вячеслав Рогозинді екінші раундта нокдаунға түсіріп, айқын жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или