Ақмола облысының әкімі әлем чемпионын марапаттады
Ақмола облысының әкімі IBA ұйымының ұйымдастыруымен Дубайда өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен боксшыларды қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шара барысында чемпион атанған Оразбек Асылқұловқа 2 млн теңге табысталса, қола жүлдегер Теміртас Жүсіповке 1 млн теңге берілді.
Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов үшін бұл әлемдік дода дебют болды. Ол ақтық сында тәжікстандық Хусравхон Рахимовты жеңді.
Теміртас Жүсіпов болса жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянмен кездесіп, төрешілер шешімімен қарсыласқа есе жіберді. Ұлттық құраманың ең егде жастағы боксшысы 2021 жылы өткен әлем чемпионатында топ жарған еді.
World Boxing: Қазақстандық екі боксшы «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткер атанды
«Алтын әділетсіз кетті» Мэтт Робинсон Сәкен Бибосыновтың жеңісі туралы