Қазақ қызы чемпиондық белбеу үшін Америкаға аттанады
Қазақстанның аралас жекпе-жек шебері Аян Тұрсын (8-1) америкалық Cage Fury Fighting Championships (CFFC) лигасында чемпиондық жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол ең жеңіл салмақтағы бос белбеу үшін жеңілмеген жапон спортшысы Ариса Мацудаға (7-0) қарсы айқасады. Жекпе-жек 6 ақпанда Филадельфия қаласында (Пенсильвания, АҚШ) CFFC 150 турнирінде өтеді. 31 жастағы Тұрсын үшін бұл лигада алғашқы жекпе-жек болады, бұған дейін ол Octagon және Dala Fighting Championship лигаларында өнер көрсеткен.
Басты кездесуде орта салмақтағы бос титул үшін қырғызстандық Бусурман Жумагул (4-0) пен америкалық Дэниэл Моррисон (7-2) сынға түседі.
UFC 324 турнирінің ресми постері жарияланды
Жас қазақстандық файтер сенсация жасап, Одилхон Камоловты жеңді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или