Геннадий Головкин XXI ғасырдағы ең үздік боксшылардың қатарына кірді

Геннадий Головкин XXI ғасырдағы ең үздік боксшылардың қатарына кірді

Қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкин Boxingmedia порталының нұсқасы бойынша XXI ғасырдағы ең ұлы боксшылар қатарына кірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық медиа-портал XXI ғасырдың үздік 25 боксшысынан тұратын тізімді жариялады. Онда аты аңызға айналған қазақстандық Геннадий Головкин 11-орынға жайғасты.

Рейтингтің көшін АҚШ өкілі Флойд Мэйвезер бастап тұр. Екінші орынға филиппиндік Мэнни Пакьяо, ал үшінші сатыға тағы бір америкалық боксшы Бернард Хопкинс орналасты. 


Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшының Даңқ залына енгізілетіні белгілі болған еді. BHOF 2026 жылы бокстан Даңқ залына Геннадий Головкин, Артонио Тарвер, Найджел Бенн, Наоко Фудзиока және Джейк Нава қосылатынын хабарлады.

Ресми шара 11-14 маусым аралығында Канастотада өтеді.

Мемлекет басшысы World Boxing президенті Геннадий Головкинді қабылдады

Геннадий Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді

World Boxing: Қазақстандық екі боксшы «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткер атанды

«Алтын әділетсіз кетті» Мэтт Робинсон Сәкен Бибосыновтың жеңісі туралы

Қазақ боксшысын жеңген өзбек жеңіліске ұшырады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или