Садақ атудан Қазақстан құрамасының спортшысы маусымды қорытындылады

Садақ атудан Қазақстан құрамасының спортшысы маусымды қорытындылады

Садақ атудан Қазақстан құрамасының спортшысы Ильфат Абдуллин маусымды қорытындылады. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында спортшы алдағы жылға арналған жоспарларымен де бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

"Маусым аяқталды. Алайда ол мен жоспарлағандай өткен жоқ. Чемпионаттардың басым бөлігінде қола жүлде үшін күрестік, бірақ көбіне жол беріп қойдым. Бұл, әрине, өте өкінішті жағдай. Жүлдеге үнемі бір табан жақын болдық.

Соған қарамастан, мол тәжірибе жинадық. Бұл - ең бастысы әрі ең құндысы деп ойлаймын.

Алдағы маусым да оңай болмайды. Негізгі дайындықты Азия ойындарына бағыттаймыз. Бұған дейін екі рет қола жүлде үшін сынға түстім. Үшінші мүмкіндікте медаль бұйырады деп үміттенемін. Ең бастысы - жарақат жоқ, бәрі жақсы", - деді спортшы.

Қазақстан Чемпионаты: Таеквондодан (WT) ел үздіктері анықталды

Қазақстандық жас спортшы әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или