«Ертіс» Қазақстан чемпионатында «Торпедодан» ірі есеппен жеңіліп қалды
Қазақстан чемпионаты аясында өз алаңындағы матчта павлодарлық «Ертіс» хоккей клубы Өскеменнің «Торпедо» командасынан 0:7 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шайба соққандар: Владимир Боровков, Никита Колобов, Михаил Рахманов (2), Максим Мусоров, Станислав Боровиков және Степан Александров.
Осы матчтан кейін «Торпедо» бес ойыннан тұратын жеңіс сериясын жалғастыруда. Павлодардың «Ертіс» командасы биылғы маусымдағы 33 матчтың тек екеуінде ғана жеңіске жетті.
«Торпедо» Қазақстан чемпионатында 56 ұпаймен көш бастап тұр, ал «Ертіс» бес ұпаймен соңғы орында тұр.
Командалар екінші матчын ертең, сағат 19:00-де өткізеді.
Қазақстандық хоккейші ҚХЛ матчында нәтижелі ойнады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или