Қайрат Айтмолдаұлы Оразбеков халықаралық номинациямен марапатталды
Бразилияның Фоз-ду-Игуасу қаласында өткен Mundo do Futsal Experience 2025 халықаралық футзал форумына «Қайрат» футзал клубының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған іс-шара аясында клуб президенті Қайрат Айтмолдаұлы Оразбеков халықаралық футзалдың дамуына қосқан үлесі үшін арнайы номинациямен марапатталды.
Форумға клубтың спорттық директоры Густаво Парадеда да қатысып, әлемдік футзал қауымдастығы өкілдерімен тәжірибе алмасып, кәсіби кездесулер өткізді.
Mundo do Futsal Experience — футзал саласындағы жетекші мамандар, клуб басшылары мен сарапшылар бас қосатын халықаралық алаң.
Бұл іс-шараға қатысу және көрсетілген құрмет — клубтың халықаралық деңгейдегі жұмысының нәтижесін көрсетеді.
🔹 Серіктесі «ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
🔹 «ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» Бас серіктесі – «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Қайрат» сенсацияға жол бермеді
Футзалдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде төмендеді
УЕФА «Қайратқа» таң қалуда: клуб Қазақстан футзалын жаңа деңгейге сүйреп жатыр