Елена Рыбакина жаңа маусым алдындағы дайындық жұмыстарын Дубайда өткізуде
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) жаңа маусым алдындағы дайындық жұмыстарын Дубайдағы (БАӘ) академияда бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы мен оның командасының кордтағы жаттығу сәттерін көрсететін суреттер әлеуметтік желіде жарияланды.
Рыбакина 4–11 қаңтар аралығында Аустралияның Брисбен қаласында өтетін WTA 500 турниріне қатысады. Еске сала кетсек, 2025 жылы Елена екі WTA 500 турнирінде жеңіске жетті. Сондай-ақ, ол Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA-2025 жылдық қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды.
Теннистегі келісілген матчтар: ойыншылар шындықты айтты
Қазақстандық үш жас теннисші Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайды
Жиддадағы жастар арасындағы Қорытынды турнирдің финалистері анықталды