Лукастың жекпе-жегі тағы да дауға қалды
Қазақстандық Ангелина Лукас пен америкалық Кэтрин Линденмут арасындағы чемпиондық жекпе-жекке қатысты дау туды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Линденмуттың сөзіне сүйенсек, WBA 9 желтоқсандағы ресми хатында жекпе-жектің америкалықтың пайдасына аяқталғанын және оның чемпион ретінде заңды түрде танылғанын айтқан.
Ал Ангелина Лукас бұл мәлімдемелермен келіспейтінін жеткізді. Лукас командасымен WBA-ға ресми түрде жүгініп, қарсы тараптың допинг-тесттен жалтарғанын және ұсынған құжаттарының шындыққа жанаспайтынын дәлелдейтін материалдарды жолдаған.
Айта кетелік, чемпиондық жекпе-жекке қатысты дау әлі де шешімін тапқан жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или