Испанияда қазақстандық талант жарқырады: Нұрғали «Леванте»-ге жеңісті дубльмен сыйлады

Испанияда қазақстандық талант жарқырады: Нұрғали «Леванте»-ге жеңісті дубльмен сыйлады

Испания жасөспірімдер чемпионатының матчында 17 жастағы қазақстандық шабуылшы, «Леванте» ойыншысы Алдияр Нұрғали басты кейіпкерге айналды: ол сырт алаңда «Эльче»-мен өткен кездесуде жеңісті дубль жасап, командасына үш ұпай сыйлады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу 2:1 есебімен Валенсия командасының пайдасына аяқталды. Екі голды да Нұрғали соқты. Алғашқы голын ол 18-минутта, бірінші таймда шабуылды сәтті аяқтап енгізді. Ал екінші таймда, 67-минутта, тағы да керек сәтте керек жерде болып, допты қақпаға тоғытып, «Леванте»-нің жеңісін бекітіп берді.

Испания жасөспірімдер чемпионаты

«Эльче» U-19 – «Леванте» U-19 – 1:2

Голдар: Хосе Кассильяс 30 – Алдияр Нұрғали 18, 67

Айта кету керек, Нұрғали – испандық клуб жүйесіндегі жалғыз қазақстандық емес. «Леванте» сапында павлодарлық Чингис Қалиев те ойнайды. Екі футболшы да алматылық «Қайрат» футбол мектебінен түлеп шығып, қазір Еуропаның ең үздік жасөспірімдер чемпионаттарының бірінде мансаптарын табысты жалғастыруда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или