Қазақстандық шаңғышы Францияда екі алтын медаль жеңіп алды
21 желтоқсанда Францияның Тинь қаласында өткен FIS Coupe de France de Bosses халықаралық фристайл могул шаңғы жарысы турнирі аяқталды. Қазақстан спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Анастасия Городько екі алтын медаль жеңіп алды. Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев та жақсы өнер көрсетіп, үшінші орын мен қола медальдарды иеленді.
Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева да тұрақты өнер көрсетті: ол жарыс алдындағы күні төртінші, ал соңғы күні бесінші орын алды.
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогі кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижесі қандай
Жасөспірімдер Олимпиадасында өзгеріс: жұптасып сырғанау алынып тасталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или