Қазақстандық спортшы «Жылдың үздік боксшысы» атағына таласады

Қазақстандық спортшы «Жылдың үздік боксшысы» атағына таласады

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан World Boxing ұйымының жыл соңындағы марапатына ұсынылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сабырхан «Жылдың үздік боксшысы» атағына ұсынылды.

Биыл Махмұд Сабирхан Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 55 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол мексикалық боксшы Брайан Ортисті, косоволық Башким Байокуды, жапондық Руй Ямагучиді, қытайлық Лю Чуанды және испандық Рафаэль Лозаноны жеңді.

Жалпы алғанда, қазақстандық ерлер мен әйелдер құрамалары 2025 жылғы әлем чемпионатында жеті алтын медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орын алды.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или