Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жарақатына қарамастан әлем жеңімпазымен тәжірибе алмасты

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жарақатына қарамастан әлем жеңімпазымен тәжірибе алмасты

Қазақстанның бірінші нөмірлі мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина АҚШ өкілі, әлемнің екі дүркін жеңімпазы Илья Малининмен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы спортшы инстаграм парақшасында жария етті.  

Малинин ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан 2024 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанған. Ал Сомеделкина желтоқсан айының басында «Golden Spin of Zagreb» турниріне қатысып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетерлігі, жарыстан кейін Софья жарақатына байланысты Қазақстан чемпионатына қатыспасын хабарлаған еді. Ал бүгін әлем чемпионымен бірге мұзда бірігіп жаттығу жасағаны алда үлкен жарыстарға дайындалып жатқанын аңғартады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или