Қазақ боксшысын жеңген өзбек жеңіліске ұшырады
Өзбекстандық белгілі боксшы Мужибилло Турсунов кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол спорт жолында алғаш рет жартылай орта салмақтағы WBC Гран-при турнирінің финалында қарсыласына жол берді.
Турсуновтың қарсыласы жеңіліс дәмін татпаған колумбиялық Карлос Утрия болды. Жекпе-жек толық сегіз раундқа созылып, төрешілердің біріге қабылдаған шешімімен Утрия жеңіске жетті. Нәтижесінде Турсуновтың кәсіпқой рингтегі рекорды 9 жеңіс, 1 жеңіліс көрсеткішін тіркеді.
Айта кетелік, Мужибилло Турсунов әуесқой бокстағы жетістіктерімен де кеңінен танымал. Ол 2024 жылы Азия чемпионы атанып, финалда қазақстандық боксшы Дулат Бекбауовты жеңген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или