Тайлер Уотерспун «Барыс» сапынан кетті

Тайлер Уотерспун «Барыс» сапынан кетті


«Барыс» клубы Тайлер Уотерспунмен келісімшарттың екі тараптың келісімімен бұзылғанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, қорғаушы «Тракторға» қарсы өткен сырт алаңдағы матчта алған жарақатынан кейін ұзақ уақытқа қатардан шығып қалған еді.

Канадалық хоккейші «Барыс» сапына қыркүйек айының соңында қосылған болатын. Ол астаналық клубқа «Монреаль Канадиенстің» фарм-клубы — «Лаваль Рокеттен» ауысқан.

Осы маусымда ҚХЛ аясында Уотерспун «Барыс» құрамында тоғыз матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алған жоқ.\

«Барыс» - «Сочи» матчына анонс жасалды

Қазақстан чемпионаты: «Бейбарыс» - «Құлагер» матчының тікелей трансляциясы


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или