Әмір Закиров брейкданс бойынша әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық брейкинг командасының көшбасшысы Әмір Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өткен WFADS әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әмір ересектер арасындағы жарыстың финалына шықты.
Шешуші текетіресте Закиров америкалық Мигель Росарионы (B-Boy Gravity) жеңді. Үшінші орынды ресейлік Руслан Файзрахманов (B-Boy Ruslan Footrockets) иеленді.
Айта кету керек, Әмір Закиров 2024 жылы Францияның Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысты. Қазақстандық ширек финалға шығып, сегізінші орын алды.
Қазақстан Чемпионаты: Таеквондодан (WT) ел үздіктері анықталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или