«Барыс» - «Сочи» матчына анонс жасалды
«Барыс» күнтізбелік жылдың соңғы үй сериясын «Сочи» командасымен өтетін матчпен бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты қазақстандық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚХЛ-дағы ең оңтүстіктегі клуб өткен турда өз мұз айдынында «Металлургтен» 1:6 есебімен жеңілді. Магнитогорск қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы Сергей Попов. Илья Самсонов пен Павел Хомченко екеуі бірігіп 25 соққыны қайтарды. «Леопардтардың» бас бапкері Дмитрий Михайлов чемпионаттағы үзіліс командасын ойын ырғағынан шығарып алғанын, ал мұндай шебер қарсыласқа қарсы матчта ойыншыларының тым көп айып алғанын атап өтті.
33 матчтан кейін «Сочи» еншісінде 23 ұпай бар – бұл Батыс конференциясындағы соңғы орын. Команданың ең нәтижелі ойыншысы шабуылшы Даниил Сероух (6+13). Қақпашы Илья Самсонов пен шабуылшы Игорь Швырёв жарақат алғандар тізімінде. Апта ішінде оңтүстіктегілер жетекші ойыншыларының бірі Артур Тянулинмен қоштасты, ол «Ладаға» Данил Башкировқа айырбасталды.
«Барыс» бейсенбі күні Мәскеуде «Динамоны» 4:2 есебімен жеңді. Астаналықтардың жеңісіне Ансар Шайхмедденов, Семён Симонов, Иэн Маккошен және Дінмұхамед Қайыржанның дәл соққылары үлес қосты. Андрей Шутовтың еншісінде 33 сейв бар. Сол күні Жұлдыздар матчына шақырту алған Михаил Кравец командасында қақпашылар ойыны мен артықшылықтағы әрекетті қоса алғанда, барлық компоненттер сәтті жұмыс істегенін айтты.
37 ойыннан кейін 34 ұпайы бар «Барыс» Шығыс конференциясындағы плей-офф аймағы үшін күресті жалғастыруда. Майкл Веккьоне (10+15) жергілікті бомбардирлер жарысында Райли Уолшпен (9+16) теңесті.
«Барыс» - «Сочи» матчы Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.
Матчтың тікелей трансляциясы Qazsportтелеарнасында көрсетіледі.
Қазақстандық шабуылшы Финляндия чемпионатына ауысты
Қазақстандық хоккейші Еуропа чемпионатында дебют жасады
Қазақстандық хоккейші еуропалық клубпен келісімшартқа отырды