«Қайраттың» ЧЛ-ның соңғы турындағы қарсыласы АПЛ-да көшбасына шықты
Лондонның «Арсеналы» Англия Премьер-лигасының 16-шы турында сырт алаңда «Ливерпульдің» «Эвертонымен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Ливерпульдің «Хилл Дикинсон» стадионында өтті.
Есеп 27-минутта ашылды, Виктор Дьёкереш пенальтиден гол соқты. Фавориттер қонақта 1:0 есебімен ұтты.
«Арсенал» осы жеңістен кейін 39 ұпай жинады. «Манчестер Ситиден» екі ұпай озып, бірінші орынға оралды.
«Зеңбірекшілер» - «Қайратының» Чемпиондар Лигасындағы соңғы қарсыласы. Командалардың матчы 28 қаңтар күні Лондонда өтеді.
Ла Лига: «Реал Мадрид» өз алаңында жеңіске жетті
Конференция лигасы: Плей-оффқа шыққан командалар белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или