Қазақстандық файтер түрік спортшысын нокаутқа түсірді
Қазақстандық спортшы түрік файтерін нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еділ Қожамбердиев түрік файтері Фатих Келешті нокаутқа түсіріп, «WBF» белбеуін жеңіп алды. Бұл айқаста Қожамбердиев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы қарсыласын төртінші раундта нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік бермеді.
Айта кетелік, Қожамбердиев кәсіби мансабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізіп, бірінші ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуді иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или