Олимпиада да тасада қалған қазақстандық би-бой әлем чемпионатын ұтып алды
Қазақстандық спортшы брейкингтен әлем чемпионы атанды. Ұлттық құраманың көшбасшысы Амир Закиров Дубайда өткен WFADS нұсқасы бойынша әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ересектер арасындағы жарыста қазақстандық би-бой финалға дейін мүдірмей жетті. Шешуші кезеңде Закиров америкалық Мигель Росариодан басым түсті. Ал қола жүлде ресейлік Руслан Файзрахмановқа тиді.
Айта кетелік, 2024 жылы Амир Закиров Париж Олимпиадасында бақ сынағанмен ширек финалдан аса алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или