Шамиль Мамедов Болгария атынан күресетін болды

Шамиль Мамедов Болгария атынан күресетін болды


Ресейлік балуан Шамиль Мамедов келесі маусымнан бастап Болгария туы астында өнер көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы бұл шешімін әлеуметтік желідегі жазбасында жариялап, Болгария тарапынан көрсетілген сенім мен мүмкіндік үшін алғыс айтты. Ол жаңа құрамда бар күшін салып, үмітті ақтауға тырысатынын жеткізді.

Сонымен қатар Мамедов Ресейдің спорттық күрес федерациясына, бапкерлер штабына және бірге еңбек еткен командаластарына алғысын білдірді. Айтуынша, бұл жылдар оған үлкен тәжірибе мен сенім сыйлаған.

24 жастағы Шамиль Мамедов — Ресейдің 2023 және 2024 жылғы чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және Иван Ярыгин кубогының екі дүркін жеңімпазы.

Күрес федерациясы екі вице-президентпен толықты

UWW рейтингінде қазақ балуандары бірінші орынға іліге алмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или