Бүгін, 20 желтоқсанда Алматыда бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде жергілікті боксшы Ельшат Нығметолла «Қазақ жауынгері» лақап атымен филиппиндік Алвин Камикеге қарсы шаршы алаңға шығады. Бұл кездесуде Нығметоллаға тиесілі WBA Asia нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Жекпе-жек алдында қарсыластар ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, 53,5 келі лимитіне толықтай сай келді. Сондай-ақ дәстүрлі көз арбастыру да өткізілді.
Айта кетейік, Ельшат Нығметолла соңғы жекпе-жегін 3 мамырда Таиландтың Бангкок қаласында өткізіп, намбиялык Филлемон Нгутенаньемен тең түскен болатын.
Джейк Пол - Энтони Джошуа жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері команданың алдағы жоспарларымен бөлісті