Ақша ұсынған геймдер: теннисте былықтың беті ашылды
Келісілген матчтар ісі бойынша бірнеше кәсіби теннисші тергеуге шақырылып, кінәсін мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен аптада бұрын әлемнің 488-ракеткасы болған француз Кентен Фольо келісілген матчтарды ұйымдастырғаны үшін 20 жылға дисквалификация алғаны белгілі болды. Осы іс аясында жалпы жеті адамға айып тағылған.
Франциялық теннисші Марин Порто да басынан өткен оқиғаны айтып берді. Оның сөзінше, бір турнир кезінде өзіне әдейі гейм ұтылып беру үшін ақша ұсынған.
«Румыниядағы турнирде бір жігіт келіп, “бірінші геймді әдейі ұтылсаң, матчтан кейін бірден қолма-қол 1000 еуро беремін” деді. Мен бұған сене алмадым. 1000 еуро — күлкілі сома сияқты, бірақ дәл сол ақша турнирді түгел жеңсем де түсетін еді. Сондықтан бұл ұсыныс маған бос сөз болып көрінді», — деді спортшы.
Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирде бір күнде екі ойынды жеңіспен түйіндеді
Қазақстандық үш жас теннисші Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайды