ҚФФ Эр-Риядтағы FIFAe Football Esports Summit саммитіне қатысып жатыр

ҚФФ Эр-Риядтағы FIFAe Football Esports Summit саммитіне қатысып жатыр

Қазақстан футбол федерациясының өкілдері Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан FIFAe Football Esports Summit саммитіне қатысуда. Бұл жиынға ФИФА-ға мүше ұлттық қауымдастықтардың өкілдері, халықаралық сарапшылар және футбол киберспорт индустриясының негізгі қатысушылары жиналды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Саммитте Қазақстан футбол федерациясының атынан стратегиялық офицер Арсен Ахат пен халықаралық департаменттің аға менеджері Әбілмансұр Әбділманов қатысуда.

Іс-шара аясында eFootball-ды дамыту, киберспортты ұлттық футбол экожүйесіне енгізу, сондай-ақ FIFA-ның футбол киберспорты саласындағы халықаралық жарыстар мен платформаларды қалыптастыруға арналған стратегиялық тәсілдері талқылануда.

ҚФФ-ның бұл саммитке қатысуы федерацияның жаңа даму стратегиясының бір бөлігі саналады. 

Аталған стратегия аясында Қазақстанда eFootball бағытын жүйелі түрде дамыту және елімізді FIFAe аясындағы ресми халықаралық турнирлерде таныту жоспарланып отыр.

Қазақстан футбол федерациясы eFootball-ды футболды кеңінен насихаттауға, жас аудиторияны тартуға және FIFA-ның цифрлық экожүйесінде Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға мүмкіндік беретін бағыт ретінде қарастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или