Дияр Нұрғожайдың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Дияр Нұрғожайдың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық UFC файтері Дияр Нұрғожайдың (10-2) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Танымал инсайдер Марсель Дорффтың айтуынша, Нұрғожай 2026 жылдың 7 наурызында Лас-Вегастағы (Невада штаты) UFC 326 турнирінде октагонға оралады. Қазақстандық файтер бразилиялық Рафаэль Тобиаспен (14-1) кездеседі.

Айта кетейік, Дияр Нұрғожай UFC-де екі рет жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіліске ұшырады: наурыз айында оны екінші раундта бразилиялық файтер Брендсон Рибейро мерзімінен бұрын жеңді (17-9), ал тамыз айында қырғызстандық Уран Сатыбалдиев (9-1) бірінші раундта жеңді. Рафаэль Тобиасқа келетін болсақ, ол жақында UFC-мен келісімшартқа отырды, ал Нұрғожаймен жекпе-жек оның ең ірі MMA промоушеніндегі дебюті болады.

OCTAGON 83: қазақстандық файтер танымал өзбек спортшысымен кездесті

OCTAGON 83 турниріндегі жекпе-жектің жеңімпазы үшінші раундта анықталды

Тәжікстандық файтер OCTAGON 83 турнирінде нокаутпен жеңіске жетті



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или