Шохасан Мирзаматов OCTAGON 83 турниріндегі мейн-ивентте французға мүмкіндік бермеді
Еуразиялық жекпе-жек лигасының қорытынды OCTAGON 83 турнирінде кештің көптен күткен басты кездесуі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Мейн-ивентте аралас жекпе-жек жанкүйерлерін қуантуға Өзбекстанда және шетелде «хайлайт-машина» лақап атымен танымал файтер Шохасан Мирзаматов (15-4) шықты. Оның қарсыласы – ТМД аймағындағы турнирлердегі дебютант, француз файтері Леви Карриел (7-4) болды.
Бірінші раундта жеңімпаз анық байқалмады. Мирзаматов соққыға дайындалған сәтте француз шебер қорғанып, қарсы шабуыл жасады.
Екінші бес минуттық раундта жекпе-жек түбегейлі өзгерген жоқ, октагонда басымдылық Өзбекстандық нокаутерде болды, бірақ ол оны толық пайдалана алмады; көбінесе жекелей соққылар жасап, биік бойлы французды торға ығыстырып отырды.
Соңғы раундта Мирзаматов толық күшпен іске кірісті, тіпті мерзімінен бұрын жеңіске жетуге жақын болды, бірақ оны жүзеге асыра алмады. Нәтижесінде, өзбекстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
OCTAGON 83 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON 83 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Жас қазақстандық файтер сенсация жасап, Одилхон Камоловты жеңді
OCTAGON 83: қазақстандық файтер танымал өзбек спортшысымен кездесті
OCTAGON 83 турниріндегі жекпе-жектің жеңімпазы үшінші раундта анықталды
Тәжікстандық файтер OCTAGON 83 турнирінде нокаутпен жеңіске жетті