Елдос Сайдалин команданың алдағы жоспарларымен бөлісті
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 2026 жылғы команданың жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Желтоқсан айында Түркістан облысында 21-күндік оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Негізгі жұмыс жалпы дене дайындығына және спортшылардың күшін арттыруға бағытталған.
Келер жылғы қыркүйек айындағы Азия Ойындары - алдағы ең маңызды біріншілік.2026 жыл бойы қатысатын турнирлер менжаттығу жиындары осы кешенді жарысқа дайындық есебінде болмақ.
Қаңтарда Алматы облысында жаттығу жиынын өткізу жоспарланып отыр. Әрі қарай Еуропада бірнеше турнирге қатысамыз», - деді маман.
Әлем чемпионаты: Қай елдің боксшылары көбірек табыс тапты?
Видео. Сабуров әлемнің үздік боксшыларының бірімен бірге жаттықты