Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте сынға түсті

Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте сынға түсті

Францияның Анси-ле-Гран-Борнан қаласында биатлоннан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс аясында әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринтте спортшылар екі атыс шебінен өтті.

Жеңіс Швеция өкілі Ханна Эбергке бұйырды. Екінші орынды Франция спортшысы Лу Жанмонно иеленсе, Италия құрамасының өкілі Доротея Вирер үшінші нәтиже көрсетті.

Қазақстан құрамасының спортшылары із кесу жарысына жолдама берілетін алғашқы 60 биатлоншының қатарына ене алмады.

Нәтижесінде Милана Генева 83-орынға ие болды. Алина Скрипкина 91-орында, ал Дарья Климина 93-орында мәреге жетті.

Қысқы Олимпиада: Қазақстан тағы 12 лицензия жеңіп алды

Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогі кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижесі қандай

Жасөспірімдер Олимпиадасында өзгеріс: жұптасып сырғанау алынып тасталды

Биатлоннан IBU кубогына қатысатын спортшылар анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или